USD
USD
USD

Депутат ет өнімдерін экспорттауға қатысты тыйымды жоюды сұрады

Ет экспортына тыйым салу ірі қара мал бағасының үш есеге өсіп кетуіне ықпалын тигізеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев мәлімдеді. 

Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Депутат аталған мәселе туралы өз атына фермерлерден, қайта өңдеушілерден және салалық бірлестіктерден өтініштер түскенін айтты.

Мәселен, оңтүстік өңірде экспортқа рұқсат тек бір ғана компанияға беріліп, олар тәулігіне бар болғаны 150-200 бас бұқаны шығарып жатыр. Экспортқа шектеу қойылғанға дейін Өзбекстан еліне облыстан күніне 1000 бас қара малдың еті жіберіліп отырған.

Үкіметтің Түркістан облысынан ет экспорттауға рұқсат беру шешімі бұл компанияға негізсіз артықшылық бергендей әсер қалдырады. Мұндай жағдай лоббизм мен олигополия белгілерін еске салады. Бұл қаншалықты заңды? Неліктен дәл осы компанияға экспортқа рұқсат берілді және таңдау қандай критерийлер бойынша жасалды? – деді Қырықбаев.

Оның айтуынша, тыйымның салдарынан басқа фермерлердің табысы төмендеп, сатып алу бағасы күрт құлдырап, инвестициялық тартымдылық төмендеп, нарық механизмдері бұзылып, хаос пен белгісіздікті тудырып отыр.

Депутат экспортқа тыйым салу – экономикалық тұрғыдан негізсіз екенін айтты. Өйткені бұл болашақта елдің сыртқы нарықтарға қол жеткізуін шектеп, алдағы уақытта ірі қара мал бағасының үш есеге өсіп кетуіне ықпалын тигізуі мүмкін екен.

Сондықтан депутат ет өнімдерін экспорттауға қойылған тыйымды толық жоюды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева

Екібастұздғы МАЭС-ке 2 млн теңге айыппұл салынды

Екібастұздағы 1-МАЭС

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк