USD
USD
USD

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларды Қазақстанның жаңа болмысын қалыптастыратын «Моральдық кодекс» деп атады.

Ерлан Сайыров
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Депутат оқу-ағарту министрі мен ғылым және жоғары білім министрі жолдаған сауалында аталған концепциялардың бір реттік акция емес, қоғамның дамуы, азаматтармен мемлекет қарым-қатынасының жаңа келбетіне бастайтын терең философиялық бағыт ретінде айқындауды ұсынды.

«Бұл концепцияларды ел мен жерді, Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мақсатында халқымыздың саяси мәдениетін арттырып, қоғамның гармониясын сақтауға бағытталған заманауи ұлттың жаңа болмысын қалыптастыратын "Моральдық кодекс" деуге болады», – деді Ерлан Сайыр.

Депутат бұл концепцияларды мектеп, жоғарғы оқу орындарында насихаттап, оның маңызы жөніндегі тәрбие сағаттар өткізу, әдістемелік курстар ұйымдастыру қажет екенін алға тартты.

Сондай-ақ ол «Тоқаевтың прогрессивті саяси реформаларын нық бекіту үшін» жаңа Конституцияның новеллалары мен нормаларын халық арасында жүйелі түсіндіру қажет екенін айтты. Ол үшін жаңа Ата заңның құндылықтарын тек жастар арасында ғана емес, ересектерге де түсіндірудің заманауи әрі тиімді тәсілдерін әзірлеу қажет деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов