USD
USD
USD

Депутат Ербол Айтуов қайтыс болған клиникада жансақтау бөлімі болмаған

Ақтауда липосакциядан кейін көз жұмған депутат Ербол Айтуовқа ота жасалған клиникада өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

Ербол Айтуов
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде «КТК» телеарнасына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Нұрсұлу Мұхамбетиярова мәлімдеді.

Оның айтуынша, операция алдында мамандар депутаттың қант диабеті мен артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрғанын ескермеген.

«Науқас жоспарлы хирургиялық отаға өзінің денсаулық жағдайына байланысты әлі дайын еместігі сараптама қорытындыларында көрініп тұрды. Тексеріс барысында науқастың алдын ала тапсырылған барлық талдау анализдері бар. Талдау нәтижелерінде бұл науқастың ағзасында денсаулығына сәйкес ауытқулар бар. Демек, бұл науқастың жағдайын алдымен оңалтып, бейінді мамандарға көрсетіп, анализдерінің бәрі жақсарғаннан кейін ғана стандартқа сай жоспарлы отаға алынады. Жалпы, негізінде ереже бойынша солай болуға тиіс», – дейді департамент басшысы.

Сонымен қатар клиникада мамандандырылған жансақтау бөлімі болмаған. Сондай-ақ медициналық қызметті лицензиялау талаптары бұзылғаны анықталған.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша клиникаға әкімшілік хаттама толтырылған. Материалдар құқықтық баға беру үшін облыстық полиция департаменті мен прокуратураға жолданған.

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов жеке клиникада ота жасатуға барып, қайтыс болды. Ол медициналық орталыққа иек астындағы артық майды алдыру үшін жүгінген. 4 сәуірде наркоз беру кезінде науқастың жағдайы күрт нашарлаған. 

Марқұмның жұбайының айтуынша, интубация дұрыс қойылмағандықтан, 49 жастағы ер адамның қан қысымы мен қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Осыдан кейін ол инсульт алып, комаға түскен. Ол араға бір ай салып, 5 мамырда қайтыс болған. Туыстарының айтуынша, медициналық мекеме алғашқы көмекті уақытылы көрсетпеген және науқастың нақты жағдайын жасырған. 

Қазір оқып жатыр

Перуашев «Штрафстан» сөзіне тағы жауап берді: Президенттің сынын сабақ ретінде қабылдау керек

Ақ жол

Жақсылық Омарға шыққан үкімнен кейін ШҚО әкімі отставкаға өтініш берген

Жақсылық, Сақтағанов

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан