USD
USD
USD

Депутат Ақтөбе облысында су басқан аймақтың жағдайын баяндады

«Аманат» партиясының депутаты, журналист Мақсат Толықбай Ақтөбе облысындағы су басқан ауылдардағы ахуал туралы айтты.

Су басу
Фото: astanatv.kz

Алматы, NEGE. Депутаттың сөзінше, ауылды қоршай салынбақ болған бөгет жобасы прокуратураның бұйрығымен тоқтатылған деседі. Себебі, жоба дайын болмаған. Салдарынан бөгетсіз ауылдардың бәрі су астын қалып отыр деді ол Instagram парақшасындағы жазбасында:

«Амансыздар ма? Сеть ұстайтын аймаққа енді шықтық. Күндіз-түні Ақтөбе облысындағы үйі суға кеткен ағайынның қасында жүрміз. Шынын айтқанда бірдеңе деп пост жазуға мұрша жоқ. Жағдай қиын. Құр жүрген жоқпыз. Еріктілерге рақмет! AMANAT партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір бастысы адам шығыны болмасыншы деп тілейікші. Берсиев сияқты ауылдарды толық қызыл су шайып кетті. Қорқынышты. Тұрғындар мектептің екінші қабатында отыр. Тікұшақ қонатын жер жоқ» деді Мақсат Толықбай.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева