USD
USD
USD

Депутат Әбиба Әбужақыноваға көлік сыйлады

Париж Олимпиадасында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Әбиба Әбужақыноваға КIA көлігі сыйға тартылды. 

Көлік сыйлады
Фото: видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Темір тұлпардың кілтін Мәжіліс депутаты, кәсіпкер Айдарбек Ходжаназаров табыс етті. Мұны ол өз парақшасына салды. "Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын", – деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Айдарбек Ходжаназаров Олимпиадада жеңіліп қалған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтқан болатын.

Түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмадым. Оған себеп – Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл – намыстың көз жасы. Бұл – тектіліктің белгісі. Бұл – үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек, – деп жазған еді депутат.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев