USD
USD
USD

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Отандық электр желілерін басқаратын «KEGOC» ұлттық компаниясында әзірге барлығы жақсы болып көрінгенімен, қаржылық блогында проблемалар байқала бастады. Былтыр KEGOC-тың қаржылық шығындары қаржылық кірістерінен асып түскен.

KEGOC
Фото: Фото: Nege.kz

Тек ол шығын мықты операциялық көрсеткіштер есебінен жабылды. 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық компанияның қаржылық шығыстары 20,7 миллиард теңгені құрады.

KEGOC
Фото: "KEGOC" АҚ 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: RSM Qazaqstan

Ал қаржылық кірістер 14,5 миллиард теңге деңгейінде болды. Соның нәтижесінде бұл блок бойынша таза теріс дефицит шамамен 6,2 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Дегенмен KEGOC-тың негізгі операциялық көрсеткіштері жақсы өсіп жатыр. Өткен жылы компанияның түсімі 24 пайызға артып, шамамен 319 миллиард теңгеге жетті.

Қызметтерді өткізу бойынша өзіндік құн да осыған жақын қарқынмен өсуде.

Нәтижесінде жалпы пайда 108,7 миллиард теңгені құрады, ал салық төленгеннен кейінгі таза табыс 71 миллиард теңгеден асты. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен жоғары.

KEGOC
Фото: Nege.kz

Ұлттық компанияның міндеттемелері баяу болса да өсіп келеді. Егер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді қоса есептесек, 2025 жылдың басында олар 327 миллиард теңге болған. Ал есепті кезең соңында бұл көрсеткіш 341,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте негізгі өсім банктік немесе қаржылық қарыз есебінен емес, кредиторлық берешектің көбеюі есебінен қалыптасқан.

Қазір компанияда 87,63 миллиард теңге үлестірілмеген кіріс бар. Өткен жылы 2024 жылдың пайдасы есебінен KEGOC акционерлерге шамамен 45 миллиард теңге дивиденд төледі. Биыл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 22,27 млрд теңге дивиденд төленді.

Екінші жартыжылдық үшін шамамен 27 млрд теңге көлемінде дивиденд жариялануы мүмкін. Біздің ойымызша, биыл төленетін дивиденд көлемі былтырғыдан жоғары болады.

KEGOC акцияларының 85 пайызы «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорына тиесілі.

Қалған 15 пайызы нарықтағы инвесторлардың қолында.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Дәріхана

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды

Нәресте