USD
USD
USD

Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Қазақпарат. 

Денсаулық сақтау вице-министрлері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Вице-министрлерге ресейлік Sputnik V вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтті және вакцинаға қарсы көрсетілім жоқ екені анықталды. Алдымен вакцинаны Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.

Сонымен бірге дәрігерлер вакциналаудан кейін қандай сақтық шараларын ұстану керегін түсіндірді және егуден кейін вице-министрлер емханада жарты сағат дәрігерлер бақылауында болды.

«Мен үнемі вакцина аламын. Бұл – ең тиімді қорғаныс құралы, сондықтан вакцинаға қол жеткізген алғашқы елдердің бірі болғанымызға қуануымыз керек. Жеке өзім вакцина арқылы медицина мамандарын, тұтас халықты қорғай алатынымызға қуандым. Ресейлік, қазақстандық вакциналарға келсек, барлық вакцинаның қорытындысы бір – ағзада коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет/антиденелер пайда болады. Вакцина саларда да еш уайымдаған жоқпын. Өйткені мен дәрігермін және вакциналық препараттардың артықшылықтары мен кері әсерлерінен хабардармын», - деді Ажар Ғиният тілшілерге берген сұхбатында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза