USD
USD
USD

Денсаулық сақтау ұйымы жаңа бір пандемияға дайын болуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясымен бәрі бітіп қалмайтынын, оның тағы бір жаңа түріне алдын-ала дайындалу керектігін айтты.

Денсаулық сақтау ұйымы жаңа бір пандемияға дайын болуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл - соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемия, шын мәнінде, өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетіп беріп отыр, - деді Гебрейесус.

"Сондықтан келесі пандемия келгенде, әлем оған осы уақыттағыдан гөрі әлдеқайда дайын болуы керек", - деп қосты ол.

Жаңа коронавирус тудырған COVID-19 пандемиясы "бар адамға көп сабақ болды", - деп жалғастырды сөзін ДДСҰ басшысы.

- Соның бірі - денсаулық - өз күтімімен айналыса алатын сән-салтанат емес, бұл - қажеттілік және адамның құқығы. Денсаулық сақтау жүйесі "әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылықтың негізі", деп атап өтті Гебрейесус.

Осыған байланысты Гебрейесус "аурудың алдын-алуға, анықтауға (жауап беруге)", сондай-ақ "халықтың денсаулығына, әсіресе алғашқы медициналық-санитарлық көмекке" алдын ала инвестиция салуға шақырды. Мысал ретінде ДДСҰ басшысы Таиландтың денсаулық сақтау саласын дамытуға бағыттап жатқан күш-жігерін, сондай-ақ Италия қабылдаған "күрделі шешімдерді" келтірді, бұл іс-әрекеттер "COVID-19-ны ауыздықтауға" мүмкіндік берген.

Қазір оқып жатыр

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Бекет Әбішев

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер