USD
USD
USD

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді

Мемлекет басшысының ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігін арттыру үшін тапсырмасын іске асыру аясында биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді. Оған сәйкес халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық көмекті медицина қызметкері үйде қамтамасыз етеді, бұрын ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

«Халық саны 50-ден 500 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық пункт, ал халық саны 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда (бұрын 800-ден 1500-ге дейін) - фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады, бұл халыққа 3 медицина қызметкерінің (бұрын 1 медицина қызметкері) көмегін тигізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ халық саны 1500-ден 5000 адамға дейін (бұрын 10 000-ға дейін) – дәрігерлік амбулаториялар және халық саны 5000-нан астам ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары ашылады. Бұл өзгерістер ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек алуының қол жетімділігін жақсартады», - деді А.Ғиният.

Қазір оқып жатыр

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Бекет Әбішев

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер