USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрлігінің PR-роликтеріне 600 миллион теңге бөлінген

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы PR-науқанға және бейнероликтерге 600 миллион теңге бөлді. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің PR-роликтеріне 600 миллион теңге бөлінген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Кеше Президент коронавируспен күреске 191 миллиард теңге бөлінгенін айтты. бірақ оған дейін бізге 400 миллион доллардай бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл ақшаның қалай жұмсалғанын, қандай іс-шараларға жұмсалғанын қарастырып жатыр. Менде бар ақпарат бойынша,пиар-компанияларға, роликтерге 600 миллион теңге бөлінді. Ал шын мәнінде ол ақшаға елімізге қажет біраз рерурс алуға болар еді ",-деді Соловьева жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте.

"Біздің есептеуіміз бойынша, шамамен 200 миллион белгісіз мақсатта жұмсалған. Біз қазір талдау жүргізіп жатырмыз. Бірақ ақшаны бюджетке қайтару қиын болар, себебі ол ақша тендер арқылы біреуге беріліп қойды ғой, яғни тендер ұтқан компанияға", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы