USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады
Фото: NEGE.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 19 наурыз, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, коронавируске қатысты эпидемиологиялық ахуалды баяндады.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 жағдай анықталған. Стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, Қытай Халық Республикасы мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жұмыстары жалғасуда. Барлық санаттар бойынша жалпы 2 885 адам бақылауға алынды, оның ішінде 262 адам 1 «а» санаты бойынша, 1766 адам – «б» санаты, 857 адам – екі санат бойынша бақылануда.

Бақылауға алынған 2 885 адамның ішінде 724 адам бақылаудан шығарылды. 19 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 161 адам бақылауда қалады. Сондай-ақ, 19 наурызда 157 адам дене қызуымен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауруханаға жатқызылды, олардың 47-сі 1 «Б» санатына жатқызылды; 2 санат бойынша – 53 адам; 3 санат бойынша – 57 адам.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, бұл науқастар алгоритмге сәйкес жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы