USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті екенін айтты

Өкпенің созылмалы ауруы, демікпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтар, егде жастағы адамдар, балалар, спортпен өте белсенді шұғылданатындардың денсаулығына орман өрті түтінінің әсер ету қаупі өте жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті екенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түтіннен зардап шегетін өңірлердің тұрғындарына келесі шаралар ұсынылды:

– Түтін басқан далада серуендемеу, әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға көшеге мүлдем шықпау;

– Денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүру;

– Үй мен есіктерді жабық ұстау; Терезелерге, желдеткіштерге ылғалданған шүберек іліп қою, оны ауыстырып отыру;

– Үй-жайларда ауаны ылғалдандыру, ауаның ластануын арттыратын әрекеттерден аулақ болу;

– Көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеу;

– Ересектер үшін сұйықтықты тұтынуды тәулігіне 2-3 литрге дейін арттыру (минералды су, итмұрынның, көкжидектің қайнатпалары, көк шай), жас балаларға қайнаған су беру;

– Бастың ауруы, көмірқышқыл газымен уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік