USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрі ұсталды

Қырғызстан бас прокуратурасы президенттің денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі бұйрығын бұзып, бюджет қаржысын заңсыз шығарды деген айыппен бірнеше шенеуніктің ұсталғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бақылаушы органның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресей, Қытай және Әзербайжан елдерінен 452 мың дана коронавирусқа қарсы екпені тегін алған. Кейін Қытай мен Ресей тағы да көмек ретінде 6 млн дана екпені тегін берген.

Бірақ соған қарамастан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев "460 мың дана вакцина сатып алу үшін, бюджеттен 1 млрд 581 млн 474 мың сом (20 млн доллар шамасында) бөлдірген. Бұл қаржы офшорлық зона арқылы шетелге шығарылған".

Мамыр айында денсаулық сақтау министрі Ыстықкөлде сапарда жүрген кезінде арнайы қызмет тарапынан тергелгенін хабарлаған. Осы айда Ыстықкөл облысының денсаулық сақтау саласының шенеунігі пара алды деген күдікпен ұсталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы