Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрі түрік инвесторларымен фармацевтикалық зауыт құрылысы бойынша келісімге қол қойды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Nobel Ilac фармацевтикалық компаниясының басшысы Хасан Улусамен жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

Денсаулық сақтау министрі түрік инвесторларымен фармацевтикалық зауыт құрылысы бойынша келісімге қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру, сондай - ақ серіктестік қарым-қатынастарымыздың табысты көрсеткіші, ол бүгінгі күні Алматы қаласында екінші фармацевтикалық зауыт салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болып табылады", - деді А.Ғиният кездесу барысында.

Ол осы жылы фармацевтикалық өнімді шығару бойынша "Нобел АФФ" АҚ бірлескен қазақстандық зауытының құрылғанына тура 20 жыл толатынын еске салды.

Nobel Ilac компаниясы қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, сондай-ақ Алматы қаласында саше және жоғары технологиялық биосимилярлар нысанындағы препараттар өндірісі жолға қойылатын екінші фармацевтикалық зауыт салуға қосымша 55 млн.доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ және ТЭН әзірлеу жүзеге асырылуда, оларды 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқтау және 2025 жылғы желтоқсанда толық аяқтай отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыруға кірісу жоспарлануда.

Сапар барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы қаласында фармацевтикалық препараттарды өндіру бойынша осы аттас компанияның басшысы Зейнеп Атабаймен екіжақты келісімге қол қойды.

Министрдің айтуынша, аталған кәсіпорын бірегей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамытуға, отандық фармацевтикалық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ ғылыми және кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қол қойылған Келісім аясында ATABAY KIMYA SANAYI TICARET компаниясы зауыт құрылысына 10 млн. АҚШ доллар инвестициялауды жоспарлап отыр, жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылдың соңына дейін, жаңа жұмыс орындарының саны 200-ге жетеді.

Құжатқа қол қою барысында тараптар фармацевтикалық өнеркәсіпте де, денсаулық сақтаудың барлық басқа бағыттарында да Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример