USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарында санитарлық ережелердің сақталуын бақылаудың жаңа шараларын әзірледі

Премьер-Мминистр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова білім беру ұйымдарында санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау және қадағалау бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ақмарал Әлназарова
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 2025 жылы барлығы 191 мектеп, оның ішінде 54 ас блогы тексерілді. Бұл тексерулер прокуратураның тапсырмасы бойынша жоспардан тыс жүргізілген өткен оқу жылымен салыстырғанда 23 есе аз. Тексерулер санының азаюына қарамастан, жүйелі заң бұзушылықтар анықталды, олардың ішінде ғимараттардың апатты жағдайы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, мектептердің шамадан тыс жүктелуі және санитариялық-техникалық жағдайлардың нашар болуы бар. 

Тексеру нәтижелері бойынша 150 ұйғарым берілді, 12,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, 31 адам жұмыстан шеттетілді, ал алты іс сотқа берілді.

Ақмарал Әлназарова оқушылар арасында, атап айтқанда Маңғыстау облысында тамақтан улану жағдайлары алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарау қажеттілігі туындады. 

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бақылау шараларын әзірледі:

– балалар болатын нысандар үшін ерекше мәртебе беру;

– нысандағы қазіргі жағдайды дұрыс бағалау үшін алдағы тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастау;

– нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарлар жүйесін енгізу.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

Сатыбалды