Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрі қайтыс болған жағдайда ағзасын донорлыққа беруге келісетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қайтыс болған соң донор болуға келісетінін мәлімдеді.

Ажар Ғинаят
Фото: ОКҚ

Алматы, NEGE. Мәжіліс кулуарында журналистер министрден «мәйіт донорлығына келісім бересіз бе?» деп сұрады.

«Иә мен дайынмын, ниет білдірдім», - деп жауап берді министр. 

Сондай-ақ, ол осы мәселе туралы арнайы регистрде 40 мыңнан астам адам пікір білдіргенін айтты. Соның 15%-і қайтыс болғаннан кейін өз органын басқа адамдардың өмірін құтқаруға беруге келісетінін жазған.

«Адам өмірін сақтау үшін кейбір қайтыс болған адамдар немесе олардың туыстары өз ағзаларын қиын жағдайда жүрген, созылмалы аурулары бар, жүрегін, бүйрегін алмастыруды қажет ететін адамдарға ағзасын бере алады. Заң жүзінде оған қажетті барлық нормалар бар. Сонымен қатар министрлік жанындағы мекемеде жасалған электронды регистр бар. Біздің әрбір кәмелетке толған азамат сол регистрде өз ағзасын өлгеннен кейін басқа мұқтаж адамға беру мәселесі бойынша пайымын жазып кете алады. Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам ел азаматы осы регистрде ойын білдіріпті. Соның 15 пайызы қайтыс болғаннан кейін өз ағзасын басқа азаматтардың өмірін сақтау үшін беруге келісетінін айтқан. Бұл мәселе қоғамның кешенді талқылауы арқылы реттелу керек. Министрлік бұл бағытта ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Ажар Ғиният.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин

Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Мәулен Әшімбаев

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң