USD
USD
USD

Денсаулық сақтау министрі ауылдағы медицина қызметкерлері тапшылығы қалай шешілетінін айтты

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының басты міндеттері туралы баяндады

Ақмарал Әлназарова
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. «Бірінші міндет – ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Бұл 655 МСАК нысаны. Екінші – ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру. Үшінші – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медицина кадрларымен қамтамасыз ету. 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр», - деді министр.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі ауылдағы медицина қызметкерлері тапшылығы қалай шешілетінін айтты.

«2024-2025 жылдары көпбейінді орталық аудандық ауруханалар бейінді мамандықтар бойынша 486 дәрігер және әкімдердің гранттары есебінен оқыған жас мамандар қатарынан 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік пакеттер өңір қаражаты есебінен көзделетін болады», - деді Ақмарал Әлназарова. 

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған