USD
USD
USD

Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел колониядан шықты

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргені үшін сотталған Жанар Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанынан бері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денис Теннің өлімі бойынша сотталған әйел колониядан шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жанар Толыбаева 2021 жылдың желтоқсан айынан бері түзеу мекемесінде отырмағанын хабарлаймыз", - деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты. Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.
Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер