USD
USD
USD

Денис Никиша шорт-тректен әлемдік рейтингте көш бастады

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) шорт-тректен әлемдік рейтингті назарға ұсынды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Денис Никиша шорт-тректен әлемдік рейтингте көш бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлем кубогінің екі кезеңінен соң қазақстандық Денис Никиша көш басында келеді

Атап айтар болсақ, Денис 500 метрге жүгірушілер арасында 12 800 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орында венгриялық Шаолин Сандор, үшінші орында Оңтүстік Корея өкілі Хванг Да Хон. 

1500 метрге жүгіретін спортшылар арасында Әділ Ғалиахметов 8000 ұпаймен бесінші орында келеді. Бұл қашықтық бойынша ресейлік Семен Елистратов 15 120 ұпаймен көш бастап тұр. 

Айта кетелік, Әділ Ғалихаметов Бейжіңде (Қытай) өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Ал Денис Никиша Бейжің және Нагояда (Жапония) өткен кубоктік кезеңдерде екі рет қола медаль жеңіп алды. 

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева