USD
USD
USD

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Алматы қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды.

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денис Никиша өзінің оң жамбасына келетін қашықтығы – 500 метрде жүлдегерлер қатарына қосылды. А финалында өнер көрсеткен Денис мәре сызығын екінші болып қиды. Бірінші және үшінші орындарға оңтүстіккореялық спортшылар ие болды.

Осы жеңісінен кейін Д. Никиша әлемдік рейтингіде үздік ондыққа еніп, тоғызыншы орынға көтерілді. Бұл – Денис Никишаның әлем кубогі кезеңіндегі биылғы екінші табысы. Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында өткен кезеңде де ол күміс медальға ие болған еді.

Алматы кезеңінде басқа шорттрекшілеріміз жүлдеге іліге алмады.

Алдағы аптада Алматыда әлем кубогінің тағы бір кезеңі өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК