USD
USD
USD

Денис Шипп Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Денис Шипп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды.

Денис Шипп 1968 жылдың 27 ақпанында дүниеге келген.

1996 жылы Омск Мемлекеттік Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

1994 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Кеден Басқармасында және Қаржы полициясы Департаментінде жұмыс істеді.

Содан кейін 2003 жылдан бастап Петропавл қалалық сотының судьясы, Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.

2012 жылдан бастап Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болды.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

2021 жылдың маусымынан бастап Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы.

«Құрмет» орденімен, III дәрежелі «Мінсіз Қызметі үшін», II дәрежелі «Мінсіз Қызметі үшін» медальдармен және «Үш би» Құрмет белгісімен, сондай-ақ ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.

Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Қосанов