USD
USD
USD

Денис Евсеев Монтемар челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 212-ракеткасы Денис Евсеев Монтемар (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денис Евсеев
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 703-орында тұрған болгариялық, 19 жастағы Илиян Радуловпен кездесті.

Денис Евсеев қарсыласын 6:0, 6:2 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Евсеев эйс жасамағанымен, 8 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Радулов 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 84-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Италия өкілі Фабио Фоньинимен таласады. Ол рейтингіде 514-сатыдағы ресейлік Святослав Гулинді қапы қалдырды - 6:3, 6:2.

Д.Евсеев украиналық Эрик Ваншельбойммен бірге жұптық сында да ширек финалға жолдама алды. Олар бастапқы кездесуінде болгариялық Адриан Андреев - молдовалық Егор Матвиевичті жолдан тайдырды - 6:3, 6:2.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт