Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Денис Евсеев Хельсинки турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 218-ракеткасы Денис Евсеев Хельсинки (Финляндия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Теннис
Фото: КТФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 946-орында тұрған эстониялық, 19 жастағы Оливер Оякаэрді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 241-ракеткасы, италиялық Федерико Арнабольдимен кездесті.

Ф.Арнабольди алғашқы айналымда әлемнің 108-інші, осы жарыстың 6-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкинді 6:4, 7:5 есебімен жеңіп кеткен еді.

Д.Евсеев соның есесін қайтарып, Ф.Арнабольдиді 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Денис 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Арнабольди 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Денис Евсеевтің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Қазір оқып жатыр

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер