USD
USD
USD

Денесі өзеннен табылды: Құлсарыда 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды

Қыз бала 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында үйден шығып кетіп, сол уақыттан бері оралмаған.

Құлсарыдағы оқушы қыздың өлімі
Фото: Коллаж

Алматы, NEGE. Оның жоғалып кеткені туралы ақпарат полицияға сол күні сағат 21:28-де түскен.

Жасөспірімнің қай бағытта кеткені белгісіз болғандықтан, қаладағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, іздестіру жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де тартылды. Бейнебақылау камерасына қыздың Кұрсай өзенінің жағасында белгісіз ер адаммен кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады.

6 маусымға қараған түні, шамамен сағат 2:19-да Құрсай өзенінен қыз баланың өлі денесі табылған болатын. Аталмыш оқиғаға қатысты 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова