USD
USD
USD

Демпартия тіркелді ме, жоқ па?

Бүгін таңертең Демократиялық партияның ұйымдастыру комитеті мүшесі Инга Иманбай бастамашыл топты тіркеуге қатысты барлық құжаттарды Әділет министрлігіне өткізгенін хабарлаған.

Демпартия тіркелді ме, жоқ па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз бүгін ұйымдастыру комитетіне тіркеуге қатысты барлық құжаттарды өткіздік. Министрлік құжатты толық қабылдап алды. Түстен кейін ресми түрде жауап беруге уәде етті» деген.

Бесін шамасында журналист Айдос Жұқанұлы фейсбуктегі парақшасына «Жанболат Мамайдың демпартиясын тіркеді» деп жазды. Оған жауап ретінде әріптесі Қасым Аманжол: «Әлі тіркеген жоқ» деді.

Біз Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайға хабарласып, мән-жайды сұрадық.

«Партияны әлі тіркеген жоқ. Оған әлі көп жұмыс бар. Партия құрудың ұйымдастыру комитеті деген болады, бұл – партия құрудағы ең алғашқы қадам. Алдымен ұйымдастыру комитетін тіркейді, одан кейін съезд жасауға рұқсат береді. Бізге тек съезд өткізуге рұқсат берді. Ресми түрде. Съезд өткеннен кейін қол жинаймыз. Содан кейін барып тіркеу жөнінде шешім қабылданады» деді Жанболат Мамай.      

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян