USD
USD
USD

DEMOSCOPE: Азаматтардың 74,7%-ы азық-түлік бағасының өскеніне алаңдаулы

Қазақстандықтардың 62%-ы баға қымбаттауына байланысты ет сатып алуды азайтқан. Бұл туралы DEMOSCOPE ұйымының зерттеуінде айтылған.

азық-түлік
Фото: ашық дереккөз

Астана, NEGE. Зерттеуге қатысқан Қазақстанның 17 облысындағы 1100 респонденттердің 62%-ы бағаның қымбаттауына байланысты ет сатып алуды сиреткен.Тағы 24,5%-ы дәл осы себеппен көкөніс пен жеміс-жидек тұтынуды азайтуға мәжбүр болғандарын жеткізді.

Жалпы, азаматтардың 74,7%-ы кейінгі алты айда азық-түліктің бағасы өскеніне алаңдаулы. 

Сонымен қатар зерттеуде қазақстандықтардың табысының жартысынан көбі (50,6%) азық-түлікке жұмсалатыны айтылған. 

«Сауалнама қорытындысына сүйенсек, респонденттердің 62%-ы бағаның қымбаттауына орай ет сатып алуды сиреткен. Басқа жағынан да үнемдеу байқалады, мысалы: жеміс-жидек пен көкөніс (24,5%), балық (20,5%), сүт өнімдері (16,9%), нан және ұн өнімдері (12,1%), шұжық (11,2%), тәттілер мен сусындар (10,9%). Дегенмен респонденттердің 24,1%-ы әлі де тамақтан үнемдеуге көшпеген және азық-түлікті бұрынғыдай алып жүр»,– делінген зерттеу хабарламасында.

Бір қызығы, осыған қарамастан, қазақстандықтар тамақтың сапасы, қолжетімді болуы және бағасы тұрғысынан азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай оң бағалайды.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат