USD
USD
USD

Демеушілердің қолдауымен екі жаңа спорт алаңы ашылды

Шымкентте балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде.

Демеушілердің қолдауымен екі жаңа спорт алаңы ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгін қалада екі жаңа балалар спорт алаңы салтанатты түрде ашылды.

Көше алаңының құрылысы Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылды.

Жаңа нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған.

Көше алаңдарының құрылысы Шымкент қаласының инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында қолға алынуда. Жыл соңына дейін қаланың басқа да шағынаудандарында осындай бес алаң пайда болады.

ERG-дің Қазақстандағы қызметінің 25 жылы ішінде әлеуметтік шығындарға салынған инвестициялары 1 млрд доллардан асқан. ERG 17 жыл бойы топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша жыл сайын меморандумдар жасап келеді. Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен меморандумға қол қойылды.

Компания өңірлерді қолдау бойынша «Туған қалалар» бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама аясында тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалардың, балалар мен ересектерге арналған спорт нысандарының, саябақтардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек