USD
USD
USD

Демеуші есебінен 6 спорт алаңша ашылды

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасына сәйкес Әл-Фараби ауданында демеуші есебінен 6 спорт алаңша пайдалануға берілді.

Демеуші есебінен 6 спорт алаңша ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Аудан аумағында ашылған заманауи спорт алаңшалары барлық стандарттарға сай. Онда воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.

Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген Шымкент қаласының құрметті азаматы Серік Түлбасов жеке қоры есебінен спорт алаңшаларын салып берген.

Бұған дейін меценаттың қолдауымен бес алаңшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген. Бүгін 6-шы спорт алаңының ашылу рәсімі Қабанбай батыр көшесі 5 үйдің ауласында өтті.

Сондай-ақ, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырып, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда жыл соңына дейін бюджет есебінен 25 спорт алаңша халық игілігіне тапсырылатын болады.

Шымкент қаласында бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком