USD
USD
USD

Демеу Жадыраев Германия Гран-приінде алтын медаль алды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев 2025 жылғы алғашқы жарысын жеңіспен бастады.

Грек-рим күресі
Фото: qazsporttv

Алматы, NEGE. 35 жастағы балуан Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-при турнирінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Финалда Жадыраев венгриялық Роберт Фричті айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді. Ал үшінші орынға ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев тұрақтады.

Айта кетсек, 2024 жылы Демеу Жадыраев Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарында сенсациялық нәтижеге қол жеткізіп, күміс жүлде жеңіп алған еді. Финалдық бәсекеде ол жапониялық Нао Кусакадан жеңілген болатын.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев ұзақ үзілістен соң кілемге қайта оралатыны шілдеде белгілі болды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Төкенов мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

чернобыль

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Қоштасу рәсімі

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

ақша

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

блогер соты