2 Желтоқсан 14:53
...

Демалуға арналған ТОП-5 орын: Қыста қайда баруға болады?

Қысқы демалыс
Фото: gov.kz

Қыс маусымында Қазақстанда демалуға болатын ТОП-5 орын белгілі болды. 

Алматы, NEGE. Туризм және спорт министрлігі демалуға қолайлы орындардың тізімін жариялады. 

Щучье-Бурабай курорттық аймағы

Щучье-Бурабай курорттық аймағы
Фото: gov.kz

Щучье-Бурабай курорттық аймағы Қазақстандағы қысқы демалыстың негізгі бағыттарының бірі саналады. Өңір тұмса табиғатымен, таза ауасымен және жоғары деңгейдегі жайлылығымен туристерді бірден баурап алады. 2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында өңірде туристер санының айтарлықтай артқаны байқалды. Орналастыру орындарының саны 203-ке жетіп, қызмет көрсетілген қонақтар саны 143 629 адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 949 адамға көп. Инфрақұрылымның дамуы мен қызмет көрсету сапасының жақсаруы аймақтың тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. 

Алматы тау кластері

Медеу
Фото: gov.kz

Алматы тау кластері таулы және қысқы спортты ұнататындарға белсенді демалыстың алуан түрін ұсынады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында курорт 1,2 миллионнан астам қонақты қабылдап, орналастыру орындарының саны 518-ге жеткен. Алматы тау кластері инфрақұрылым мен қызмет көрсету деңгейін ұдайы жетілдіріп, отандық және шетелдік туристер үшін одан да тартымды етеді. 

Катонқарағай курорттық аймағы

Катонқарағай курорттық аймағы
Фото: gov.kz

Катонқарағай курорттық аймағының табиғаты – тыныш әрі оңаша демалысты сүйетіндер үшін таптырмас орындардың бірі. 2024 жылдың алғашқы алты айында курорттық аймақ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп қонақ қабылдап, ұсынылған қызметтердің көлемі 17,7 миллион теңгеге өскен. 

Шарын шатқалы 

Шарын шатқалы 
Фото: gov.kz

Шарын шатқалы – қыс мезгілінде ерекше атмосфераға бөленіп, табиғат сұлулығын бағалайтын туристерге шабыт сыйлайтын мекен. Кеңейтілген инфрақұрылым мен жаңа демалыс орындары аймақтың туристік тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқаруда. Шарын шатқалы келушілерге таңғажайып табиғат көріністерімен демалуға ыңғайлы мүмкіндіктер ұсынады. 

Көкшетау және оның айналасындағы көлдер 

Көкшетау және оның айналасындағы көлдер 
Фото: gov.kz

Көкшетау және айналасындағы көлдер шаңғы әрі сноуборд тебу сияқты тыныш демалыс пен белсенді көңіл көтеруді біріктіретін тамаша орындарды ұсынады. Қазіргі таңда аймақтың туристік инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Бұл өз кезегінде өңірді отбасы мүшелері үшін қысқы демалыс орны ретінде тартымды етеді.