USD
USD
USD

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық салқын ауаға толы солтүстік антициклон ықпал етеді, сол себепті еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атмосфералық ағындардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, қар, жауын-шашын болуы мүмкін. 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді, шығыста бұрқасын, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градусқа дейін төмендейді, ауа температурасының күрт төмендеуі 26-27 қарашада Солтүстік-батыста - 20-30 градусқа дейін, солтүстікте - 23-36 градусқа дейін, орталықта - 17-34 градусқа дейін, 27-28 қарашада шығыста - 27-38 градусқа дейін, 27-28 қарашада - ауа температурасының төмендеуі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-15 - ке дейін, таулы аудандарда-15-20 градусқа дейін түседі», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық