Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Демалыс күндеріндегі карантиннің арқасында науқастар саны азайған

Елордада демалыс күндеріне енгізілген екі карантин жедел жәрдемге хабарласушылар санын азайтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

Демалыс күндеріндегі карантиннің арқасында науқастар саны азайған
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. «22-28 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем стансасына өте көп адам хабарласты. Бұрындары тәулігіне 2-2,5 мың қоңырау қабылданса, бұл күндері 4 300-ден астам адам хабарласқан. Демалыс күндеріне енгізілген екі карантиннен соң бұл сандар айтарлықтай төмендеді. Қазір де үшінші тәулік карантин режимінде жұмыс істеп жатырмыз, жедел жәрдем стансасына хабарласушылар саны азайып, қайтадан 2 090 қоңырауға дейін түсті. Біз азаматтардың жағдайды саналы түрде түсінгенін көріп отырмыз. Бұл өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға, дәрігерлердің жүктемесін азайтуға септігін тигізеді», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Әкімнің айтуынша, жедел жәрдем стансаларында 110 бригада болса, қазір олардың саны 150-ге жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш