USD
USD
USD

Демалыс күндері карантин шаралары сақтала ма?

Елімізде карантин шаралары кезең-кезеңімен жойылу қолға алынғанымен, демалыс күндері ол өз күшінде болады.

Демалыс күндері карантин шаралары сақтала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәйкесінше, демалыс күндері базар мен сауда үйлерінің жұмысы шектеледі.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев демалыс күндергі тыйым әлі екі аптаға ұзартылатындығын, егер бизнес карантин талаптарын жақсы сақтаса, одан кейін ол алынып тасталатынын айтты.

- Министр Алексей Цой демалыс күндері карантин шаралары әлі екі аптаға созылатынын айтты. Бизнес кірісі көбінесе демалыс күндері болады. Соған қарамастан біз бұған саналы түрде барып, келісіп отырмыз. Біз бизнестің қаншалықты жауапкершілік танытатынын байқағымыз келеді. Екі аптадан кейін, егер жағдай жақсы болса, біз демалыс күндергі шектеуді жоюды сұраймыз. Бұл - біртіндеп жүзеге асырылатын процесс. Адам денсаулығы - бірінші кезекте, осыны дұрыс түсінуіміз керек, - деді ол.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны