USD
USD
USD

Демалыс күндері аяз күшейеді

2020 жылғы 26-28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Демалыс күндері аяз күшейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Демалыс күндері температураның күрт төмендеуі байқалады. Арктикалық суық ауа массаларымен Солтүстік Антициклон Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының күрт төмендеуін тудырады.

"Термометр бағандары 35-42 градус аязға жетеді. Аяз күшейіп, елдің басым бөлігінде күннің салқындауына әкеледі. Тек республиканың батыс өңірлеріне 27 желтоқсаннан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қорымен Атлантикалық циклон ауыса бастайды. Ол жауын-шашын, кей жерлерде қатты (көбінесе қар), желдің күшеюі мен жаяу бұрқасын және ауа температурасының - күндізгі уақытта 0-5 градус аязға дейін, кей жерлерде 0-5 жылыға дейін қысқа мерзімді көтерілуін әкеледі. Сондай-ақ республика бойынша кей жерлерде тұман, батыста және оңтүстікте көктайғақ күтіледі", - деп хабарлайды синоптиктер. 

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес