USD
USD
USD

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметтері бойынша, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі циклонға байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағындағы ауа райы тұрақсыз болуына әсер етеді.

"Найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін, ал солтүстік-батыста, сондай-ақ, оңтүстік өңірлердің таулы аудандарында және тау бөктерінде жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста түнде, таңертең 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, болжам бойынша, батыста күндізгі температура 8-18 градустан 15-28 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

"Қалған аймақтарда температура төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта 25-30 градустан 15 градусқа дейін, елдің оңтүстігінде және шығысында 28-33 градустан 17 градусқа дейін болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев