USD
USD
USD

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Фото: NEGE.kz

Жамбыл, NEGE. 9-11 қазан күндері Ресейдің еуропалық бөлігінан жылжыған жылы ауа еліміздің батысы мен солтүстік-батысына қарай ығысып, жауын-шашынсыз ауа райының болуына ықпал етеді.

Бұл өңірлерде ауа температурасы күндіз +15-20 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның басқа өңірлерінде ауа қысымы төмен болады, соған байланысты жаңбыр мен қар жауып, оңтүстік өңірлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Елдің солтүстігі, шығысы, орталығы мен оңтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Республикамыздың солтүстігі, орталығы мен шығысында ауа температурасы күндіз +7-15-тен 0-7 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +3-8 градус жылы болса, таулы аудандарда температура -3 градус, күндіз +10-15 градус болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы