USD
USD
USD

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 23–25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

ауа райы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұған  атмосфералық фронттардың өтуі ықпал етеді.

Ал шығыс өңірлерде түнде жаңбыр және қар жауады деп болжануда.

23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп және желдің екпіні күшейеді.

24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр соңы қарға ұласуы ықтимал.

Республиканың қалған аумақтарында күн райы жауын-шашынсыз болады.

«Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыста, шығыста және орталық өңірлерде түнде 1–3 градус үсік жүреді», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Қазақстан бойынша күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • оңтүстік-шығыста +20…+28°С дейін,
  • солтүстікте және орталықта +20…+32°С дейін,
  • шығыста +17…+25°С дейін,
  • оңтүстікте +22…+35°С дейін. 

Ал батыста ауа температурасы +28…+35°С дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс