USD
USD
USD

Демалыс күндері ауа райы күрт суытады

Ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді.

Қазақстандағы ауа райы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді.

«14-15 желтоқсан күндері жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал 16 желтоқсан күні шығыс және оңтүстік-шығыста қарлы боран соғып, қатты қар жауады деп күтіліп отыр», — делінген хабарламада.

Ел аумағында көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран болуы ықтимал.

Температура қаншалықты төмендейді?

  • Солтүстік-батыста түнде температура -10…-18 градус аязға дейін төмендейді.
  • Солтүстік пен орталықта -15…-25 градус аяз күтіледі.
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста температура -10…-17 градус, ал таулы аймақтарда -20…-27 градус аязға дейін жетеді.

«Қазгидромет» азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге және ауа райы болжамын мұқият қадағалауға шақырады. Ауа райының өзгеруі қозғалысқа және күнделікті өмірге әсер етуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу