USD
USD
USD

«Дельта» штамы Түркияның 26 провинциясынан анықталды

Коронавирустың үнді немесе «дельта» деп аталатын жаңа штамы Түркияның 26 провинциясында табылды. Инфекция жұқтырғандардың 50 пайыздан астамы Стамбулда анықталған.

«Дельта» штамы Түркияның 26 провинциясынан анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа (Fahrettin Koca) мәлімдеді. Оның айтуынша, ел бойынша 224 жағдай анықталды (134 адам Стамбулда).

Дельта штамы бұрын анықталғандармен салыстырғанда таралу жылдамдығы екі есе жоғары, ал Delta plus нұсқасында вирустың өкпе жасушаларына тезірек байланысуына көмектесетін мутация бар және ол вакциналарға төзімді.

Айта кетейік, дельта штамы туралы ақпарат 2020 жылдың соңында, ал оның плюс нұсқасы 2021 жылғы маусымның ортасында пайда болды.

Қазір Түркияда ковидтің 5,4 миллион жағдайы тіркелді, 49 мың науқас қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев