USD
USD
USD

Дели-Тараз рейсімен 91 қазақстандық келді

Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Дели-Тараз рейсімен 91 қазақстандық келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұма күні сағат 22.30-да Әулие-Ата халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ қонды. Бортта 106 адам болған, оның ішінде 91 адам қазақстандық және 15 Қырғызстан азаматы. Барлық жұмылдырылған қызметтер алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды.

"Екі адам дене қызуының жоғарылауына байланысты провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушыдан талдау алынып, зертханаға жіберілді. Коронавирус анықталмаса, олар тұрғылықты жері бойынша 14 күн үй карантиніне жіберіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заты, автобустар мен жедел жәрдем көлігі өңдеуден өтті. Ал Қырғызстан азаматтары арнайы автокөлікпен өз еліне кетті.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов