USD
USD
USD

Декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады 

Елімізде заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Декларация тапсыру мерзімі 30 күнге ұзартылады 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады», делінген хабарламада. Алайда, салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.

«Осылайша, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады. Бұл ұзартулар 2019 жылдың 100.00, 110.00, 150.00, 180.00, 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 860.00, 870.00, 871.00, 912.00, 920.00 нысандарына қатысты қолданылады», делінген хабарламада. Комитеттің мәліметінше, мерзімнің ұзартуына қатысты салық төлеушіге қандай да бір қосымша өтініш пен хабарлама жолдаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ. 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында тапсырылған нысандар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмайды.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy