USD
USD
USD

«Дегендеріңе жеттіңдер» – Қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне байланысты шенділерді сынға алды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке құраммен жұмыс кезінде қателіктер жіберген генералдар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алды.

Қорғаныс министрі сарбаздардың өліміне байланысты шенділерді сынға алды
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде Руслан Жақсылықовтың генелардар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алып жатқан видеосы тарады.

«Біз Беларусияға айналып барамыз ба? Әлде жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек», - дейді Жақсылықов. 

Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың лауазымын атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты.

Сондай-ақ министр генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.

«Кешіріңіздер, бірақ мен сіздердің тараптарыңыздан бақылаудың жоқтығын айтып, үнемі нұсқап отыруым керек пе?», – деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев