USD
USD
USD

«Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады

Елімізде шығармашылық бірлестігі қайта құрылады..

«Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Фото: NEGE.kz

з

Алматы, NEGE. «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қайта құрылмақ. Мұндай бастаманы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы көтеріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Кино орталығы танымал кинематографистермен бірлесіп, ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрылымында болған «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру бастамасын көтерді. Бұл мәселе бүгінде барынша өзекті деп санаймыз», - деп атап өткен еді ұйымның баспасөз қызметі агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ал «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың айтуынша, бұл үшін аталған бірлестіктің құрылымына, қаржыландырылуына және қызметіне қатысты мәселелерді шешу қажет.

«Біз бұл идеяның негізгі бастамашысы ретінде қазірдің өзінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен әңгімелестік және де министрліктен болашақ бірлестіктің заңды мәртебесін келісуді сұрайтын боламыз», - деді Есетжан Қосыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі отыз жылға жуық уақыт бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрамында жұмыс істеді. Бірлестіктің басты міндеті кино саласына сүбелі үлес қоса алатын жас таланттарды анықтау болатын.

Қазір оқып жатыр

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

.

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол