Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДҰ пандемияның екінші жылына болжам жасады

Коронавирус пандемиясының екінші жылында бұдан да көп адам қайтыс болуы мүмкін.

ДДҰ пандемияның екінші жылына болжам жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы жұмада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

"COVID-19 3,3 миллион адамның өмірін қиды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, ол біріншіден гөрі көбірек өлімге әкелуі мүмкін", - деді ДДҰ бас директоры. Оның сөзін РИА Новости жазды.

Айтуынша, қазір өмір мен үй шаруашылығын құтқарудың жалғыз жолы - вакцинация мен денсаулық сақтау шараларын біріктіру, оларды бөлек пайдаланбау.

ДДҰ вакцинация вирустың таралуына қарсы 100 пайыз шара емес екенін мәлімдеді. Себебі вакцина салдырған адамдар да ауырып қалуы мүмкін, бірақ вирустың аса ауыр емес түрімен. Шектеулерді алып тастау немесе маска тағу режимін жою туралы шешім елде вакцина алғандар санына емес, COVID-19-дың таралу деңгейіне негізделіп қабылдануы тиіс.

ДДҰ мәліметтері бойынша, 14 мамырда кешке әлемде COVID-19-дың 160 813 869 жағдайы расталды, 3 339 002 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат