6 Мамыр 12:12
...

ДДҰ пандемияның аяқталғанын жариялады

Фото:

ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейесус әлемдегі COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимінің аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз есебін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. "Кеше Төтенше жағдайлар комитеті өзінің 15-ші кездесуін өткізді және маған халықаралық алаңдаушылық туғызатын денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялауды ұсынды. Мен бұл ұсыныспен келістім", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Женевадағы брифинг барысында.

Тедрос Гебрейесус пандемия кезінде ДДҰ-ның бағалауы бойынша коронавирустан 20 миллион адам қайтыс болғанын айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап ведомствоаралық комиссия құрылды, онда 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылданды.

Комиссия халықтың денсаулығын COVID-19-дан сақтау мен қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын нығайту, дәрілік заттарды, иммунобиологиялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды, жеке қорғану құралдарын сатып алу, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шектеу шараларын күшейту және әлсірету мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.

Пандемия басталғаннан бері Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалалары әкімдіктерінің жанынан республикалық және жедел штабтар құрылды, олар күн сайын коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестірді.

Тегтер: