USD
USD
USD

ДДҰ коронавирустан қауіпті жайтты мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Африка елдеріндегі маляриямен күрестің маңыздылығы туралы мәлімдеді.

ДДҰ коронавирустан қауіпті жайтты мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДҰ әлемдегі малярия туралы соңғы баяндамасына сүйенсек, жыл сайын бұл аурудан 400 мыңға жуық адам қайтыс болады. Африка аймағында бұлардың саны едәуір көп. 2019 жылы маляриймен ауырғандардың 94 пайызы осы аймақта тіркелді. Бұл COVID-19-бен салыстырғанда айтарлықтай көп. Пандемия басынан бері Африкада коронавирустан 50 мың адам көз жұмған.

ДДҰ маляриямен күрес үшін зерттеуге және жаңа дәрілер әзірлеуге инвестиция көлемін арттыруға шақырды. 

Сарапшылардың айтуынша, адамдардың кейбір тобы айтарлықтау қауіпке тап болып отыр. Олардың қатарында 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, АИТВ және ЖИТС науқастар, мигранттар, тұрғындардың көшпенді бөлігі және саяхатшылар бар. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy