Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша ұсынымдар жасады

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Сантьяго Мас-Кома коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өту қажеттігін, өйткені вакцинациядан кейінгі иммундық қорғаныс бірнеше айға ғана созылатынын мәлімдеді.

ДДҰ коронавирусқа қарсы ревакцинация бойынша ұсынымдар жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ревакцинация кезінде егде жастағы адамдарға басымдық берілуі тиіс. Ең дұрысы - жаңа штамдармен күресу үшін модификацияланған пепараттармен ревакцинация жасау. Осы орайда синтез процестерінің ерекшеліктеріне байланысты мРНҚ вакциналарын пайдаланған абзал», - деді Сантьяго Мас-Кома. Оның айтуынша, ғалымдар әлі күнге дейін COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан қаншалықты жиі өту керектігін анықтай алмай отыр.

«Бұл негізінен жас топтарына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жастар үшін ревакцинация уақыты ұзағырақ, ал егде жастағы адамдар үшін қысқарақ дегендей. Сондай-ақ адамның денсаулық жағдайына да тікелей байланысты», - деді сарапшы. Бір күн бұрын Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар жөніндегі штаттан тыс маманы Владимир Чуланов «Спутник Лайт» екпесін ревакцинациялау үшін немесе COVID-19 инфекциясымен ауырып шыққаннан кейін салдыру қажеттігін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов