USD
USD
USD

ДДҰ: коронавирус жұқтырушылар саны өсті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африкада коронавирус ауруының көбеюіне себеп болған омикронның екі жаңа штаммы туралы мәлімдеді.

ДДҰ: коронавирус жұқтырушылар саны өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «BA.4 және BA.5 штаммдары неғұрлым ауыр белгілерді тудыра ма, жоқ па, оны нақты білуге әлі ерте. Бірақ бұл –пандемияның аяқталмағанының тағы бір белгісі», - деп мәлімдеді ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус 4 мамырда өткен баспасөз мәслихатында.

ДДҰ сәуір айының ортасында BA.4 және BA.5 штаммадарын бақылай бастады. Олар бұрын анықталған BA.1 және BA.2 штаммдарының қосымша түрі.

Соңғысы қазір бүкіл әлемде кеңінен таралып жатыр. Ұйымның мәліметінше, сәуір айының соңында Оңтүстік Африкада бір тәулікте COVID-19 жұқтырудың 2650 дерегі тіркелгенін хабарлады. Бірақ 1 мамырда 6500-ден астам коронавирус жұқтырушылар тіркелген. Олардың саны өсуде. Жаңа штаммдарға қарамастан, Гебреисус COVID-19 жағдайларының саны бүкіл әлемде төмендегенін және пандемия алғаш басталған кезде 2020 жылдың наурызынан бастап апта сайынғы өлім-жітім азайып бара жатқанын айтты.

Сонымен қатар ДДҰ басшысы коронавирусқа тест тапсыру аса маңызды болып қала беретінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық