USD
USD
USD

ДДҰ басшысы пандемияны 2022 жылы аяқтаудың алғышартын атады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдері вакциналарды тарату кезіндегі әділетсіздік пен теңсіздіктерді жойса, 2022 жыл коронавирустық пандемияның соңғы жылы болуы мүмкін деп мәлімдеді.

ДДҰ басшысы пандемияны 2022 жылы аяқтаудың алғышартын атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Гебрейесус өзінің жаңа жылдық жолдауында «Омикрон» ковидінің жаңа нұсқасының пайда болу себебін асыра ұлтшылдық пен кейбір елдердегі вакциналардың артық қорымен байланыстырды.

ДДҰ жақында өз азаматтарына үшінші екпе алуды ұсынған әлемнің бай елдерін бірнеше рет сынға алды, ал көптеген аймақтарда халықтың айтарлықтай бөлігі вакцинаның алғашқы дозасын да алмаған. ДДҰ басшысының пікірінше, әділдік қағидаты неғұрлым ұзақ бұзылса, біз алдын - ала болжай да алмайтын вирустың одан әрі өзгеру қаупі соғұрлым жоғары болмақ. Сарапшылардың пікірінше, вирустың жаңа мутациясы оның белсенді таралуы жағдайында, әлемнің әртүрлі елдерінде көбірек адамдар жұқтырған кезде пайда болады.

«Омикронның» өршуі әлемде аурудың күрт өсуіне әкелді, бірақ алдын-ала мәліметтер бойынша әлем бойынша жұқтырған адамдар ауруханаларда аз кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич