USD
USD
USD

ДДҰ басшысы: Әлемде коронавирус өршіп барады

 Еуропада коронавирустың жайылуы саябырсыды, алайда әлемдегі ахуал көңіл көншітпейді. Бұл туралы дүйсенбі күні онлайн-брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді.

ДДҰ басшысы: Әлемде коронавирус өршіп барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ДДҰ келтірген деректерге сай, қазірге дейін 7 млн адамнан коронавирус анықталды және бұл індеттен 400 мың адам көз жұмған. Еуропада жағдай жақсара түскенімен, жаһандық деңгейде ахуал нашарлап барады», – деді Гебрейесус. Оның айтуынша, соңғы 9 күнде тәулік сайын КВИ анықталған адам саны 100 мыңнан асып түсіп отырған.

Ал жексенбі күні, тіпті, бұл цифр 136 мыңға жеткен. «Кеше анықталған барлық ауру санының 75 пайызы 10 мемлекетке тиесілі, көбі – Америка және Оңтүстік Азия елдері», – дейді ДДҰ басшысы. Одан бөлек, спикер Африка елдерінде де жағдай мәз еместігін жеткізді. Және де Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде індет көрсеткіші өсіп келе жатқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова